Аймақтар
1 мин оқу 493

БҚО-да республикалық маңызы бар жол жабылды

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты тағы бір республикалық жол жабылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 26 желтоқсан күні сағат 11.10-нан бастап республикалық маңызы бар Подстепный-Федоров-РФ шекарасы жолында (0-144 км) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Жабылу себебі - қатты боран.

Қазіргі кезде облыс бойынша республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы, Самара-Шымкент (Орал қаласынан Ресей шекарасына дейін), сондай-ақ облыстық Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы, Үлкен Шаған-Переметный жолдары жабық.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, облыс бойынша жолда қалған автокөліктерден бірнеше адам құтқарылды.

Орал қаласының өзінде боран соғып тұр.

Бөлісу:
БҚО-да республикалық маңызы бар жол жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар