Әлем
1 мин оқу 256

Президентке рақымшылық жасалды

<p style="text-align: justify;">Сыбайлас жем&shy;қор&shy;лы&shy;қ жә&shy;не қыз&shy;мет&shy;тік өкі&shy;лет&shy;тігін асыра пайдаланды деген айыппен 22 жылға сотталған Корея Республикасының бұрынғы президенті Пак Кын Хеге рақымшылық жасалды.</p>

Президентке рақымшылық жасалды

Жаңа жыл қарсаңында Корея үкіметі рақым­шы­лыққа ілінген азаматтар тізімін хабарлады. Бұл тізімде 69 жастағы Пак Кын Хе де бар. БАҚ-тың жазуынша, бұл шешім оның денсаулық жағдайын ескере отырып, гуманитарлық себептермен қабыл­дан­ған.

Пак Кын Хе 2019 жылы иығына ота жасатқан, ал биыл иық пен омыртқа созылмалы ауруы себебімен үш рет ауруханаға түскен. Экс-пре­зи­дентке қа­тыс­ты саяси жанжал 2016 жылдың қазан айында басталған. Жанжалға қатысты тергеу нәтижесінде оның құрбысы Чхве Сун Силь бірнеше жыл бойы үкімет жұмысынан хабардар болып, саяси ше­шім­дер қабылдауға араласқаны анықталған. Одан бөлек экс-президент құрбысы бірқатар компанияға қысым көрсетіп, өзінің қорларына ондаған миллион доллар аударуға мәжбүрлеген.

Сыбайлас жемқорлық фактілері және Чхве Сун Сильдің мемлекеттік қызметке заңсыз қа­ты­су әрекеттері анықталғаннан кейін бүкіл елде на­ра­зы­лық акциялары өтіп, оған қатысушылар Пак Кын Хенің дереу отставкаға кетуін талап етті. Парламент Пак Кын Хені қызметінен кетіру туралы шешім қа­былдап, кейін ол қамауға алынды.

Бөлісу: