Аймақтар
1 мин оқу 510

Қауіптен қорықпаған құтқарушылар

<p style="text-align: justify;">Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесін атап өту барысында қиындыққа тап болған жандарды құтқарғандардың іс-әрекеті елеусіз қалған жоқ. Президент Жарлығымен атыраулық құтқарушылар Нұрсұлтан Жұмағазиев, Асыланбек Құмар мен Рафаиль Закиров &laquo;Ерлігі үшін&raquo; медаліне ие болды. Өз өміріне төнген қауіптен қорықпайтын бейбіт күннің батырларына марапатты Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин тапсырды.</p>

Қауіптен қорықпаған құтқарушылар

Өрт сөндіру қызметінде бө­лімше командирінің орынбасары лауазымын атқаратын Ра­фаиль Закиров биылғы 20 қаң­тарда көпқабатты тұрғын үйдегі өрт­тен адамдарды құтқару ке­зінде батылдық танытқан еді. Сол күні департаменттің дис­пет­чер­лік пультіне Атырау қала­сын­дағы Ғ.Абдрахманов көше­сінде орналасқан №39 үйдің кіре­берісі түтіндеп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына №1 ма­мандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші бөлімшесі жедел жетіп, пәтерлердің бірінде қарт әйелмен бірге балалардың қалғанын анықтаған екен. «Бө­лімше командирінің орынбасары, азаматтық қорғау старшинасы Р.Закиров әріптестерімен бірге үшінші қабаттың балконы­нан көмекке шақырған қарт әйелді құтқаруға жедел кірісті. Ол үш иінді баспалдақпен алды­мен балаларды қауіпсіз жерге алып шықты. Содан кейін жеке құрамның көмегімен қарт әйелді эвакуациялады. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық кө­­мек көрсетті», деп мәлім етті де­партаменттің баспасөз қызме­тінен.

Ал құтқарушы Нұрсұлтан Жұ­ма­­­ғазиев 7 желтоқсанда көпір­­ден Жайық өзеніне секірген жүк­ті әйел­ді құтқаруға белсене атсалыс­ты. Бұл әйелді құтқаруға алдымен полиция қызметкерлері қайықпен жеткен еді. Бірақ әйелге алғашқы көмек қажеттігі туын­дады.

Нұрсұлтан Жұмағазиевтің жасы – 22-де. Азаматтық қор­ғау сала­сына үш жыл бұ­рын жұмысқа орналасыпты. Х.Досмұхамедов атындағы Аты­рау университетін құ­­қықтанушы мамандығымен бітір­­ген. Ал 27 жастағы Асыланбек Құмар – Ресей Федерациясы Тө­тен­­ше жағ­дайлар министрлігі ака­демия­сы­ның түлегі. 

Атырау облысы

Бөлісу:
Қауіптен қорықпаған құтқарушылар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар