Оқиға
1 мин оқу 322
27 мигранттың мәйіті табылды
<p style="text-align: justify;">Ливия жағалауында 27 мигранттың, оның ішінде екі әйел мен бір сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ливиялық Қызыл Жарты Ай бригадалары жүргізген іздестіру-құтқару жұмыстары жақын маңдағы жағажайдан тағы 10 адамның мәйітін тапты.
Сонымен бірге аман қалған үш мигрант анықталды.
Қаза болған мигранттардың кім екені әлі анықталған жоқ. Бірақ олар үрлемелі қайықтармен Жерорта теңізін жүзіп өтпек болған Африкадан келген иммигранттар болуы мүмкін.
Бөлісу: