Теннис
1 мин оқу 230

WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды

<p style="text-align: justify;">Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық разряд рейтингтерінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.sports.kz/news/pervaya-raketka-kazahstana-zavershit-god-v-top-15-reytinga-wta" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Sports.kz</a>-ке сілтеме жасап..</p>

Рейтингте аустралиялық Эшли Барти көш бастап тұр, екінші орында - белоруссиялық Арина Соболенко, үшінші орында - испандық спортшы Гарбинье Мугуруса.

Қазақстанның өкілі Елена Рыбакина 14-ші орында қалды, Юлия Путинцева бұрынғыдай 42-ші, Зарина Дияс 102-ші орынды сақтап қалды.

Жұптық разряд рейтингінде Чехия спортшылары Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова және қытайлық Се Су-Вей көш бастап тұр. Рыбакина 50-ші қатардан көрінді, Анна Данилина - 75-ші, Дияс бір жолға төмен түсіп, 180-ші орынды иеленді.

Бөлісу:
WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар