Ауа райы
1 мин оқу 1,683

Алдағы күндері 32 градусқа дейін аяз болады

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 28-30 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Солтүстік-батыс циклон елдің солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына әсер етеді - қар жауып, боран соғып, жел күшейеді.

«Суық ауа массаларының басып кіруі, республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі, тек шығыс пен оңтүстік-шығыста тұрақсыз ауа райы сақталады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Термометр бағандары түнгі уақытта республиканың солтүстік бөлігінде 25-32 градус аязға дейін, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде 10-18 градусқа дейін төмендейді.

Бөлісу:
Алдағы күндері 32 градусқа дейін аяз болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар