Руханият
1 мин оқу 634
Тараздағы «Баспасөз үйіне» Шерхан Мұртазаның есімі берілді
<p style="text-align: justify;">Тараз қаласындағы «Баспасөз үйіне» Қазақстанның халық жазушысы – Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері Шерхан Мұртазаның есімі берілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Үкімет қаулысында «Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Баспасөз үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шерхан Мұртазаның есімі берілсін», делінген.
Қазақ руханиятының қайыспас қара нары болған Шерхан Мұртаза 2018 жылы 9 қазан күні 87 жасында дүниеден өтті. Жамбыл облысында «Баспасөз үйінен» бөлек «Руханият және тарихтану» орталығы да жазушының есімімен аталады.
Бөлісу: