Теннис
1 мин оқу 120

Данилина дара шықты

<p class="2018-" style="text-align: justify;">26 жастағы Қазақстанның танымал теннисшісі Анна Данилина Үндістанның Пуна қаласында ITF W25 сериясы бойынша өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.</p>

Данилина дара шықты

Украиналық Валерия Страховамен бірге жұптық сайыста сынға түскен жерлесіміз алғашқы айналымдарда жергілікті теннис­шілердің тас-талқанын шығарса, жартылай финалда Татуджа Бухосале (Үндістан) мен Хирока Куватадан (Жапония) басым түсті. Ақтық сында олар жапониялық Фуна Козаки және Мисаки Мацудамен шеберлік байқасты. Бұл тартыс 6:0, 2:6, 10:5 есебімен Данилина мен Страхова жұбының пайдасынан шешілді.

Осылайша, әлемдік рейтингте жұптық сында 75-орында тұрған отандасымыз үшін бұл ITF World Tennis Tour додаларындағы 23-ші және биылғы 9-шы жеңісі. Сондай-ақ Анна биыл Польшада өткен WTA 250 жарысында алғаш рет чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Бөлісу:
Данилина дара шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар