Әлем
1 мин оқу 180
Пәкістанда алты адам тұрмыстық газдан уланып көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Пәкістанның солтүстік-батысында сейсенбі күні тұрмыстық газдың таралып кетуінен кем дегенде алты адам көз жұмды. Олардың ішінде үш бала болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі мәлімдеді.
Агенттіктің хабарлауынша, тағы үш адам қатты уланып, ауруханаға жеткізілген. Оқиға елдің солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясының Хангу ауданында болған.
Құтқарушылар жергілікті БАҚ өкілдеріне үйдегі адамдар жылыну үшін газ жылытқышын іске қосқандығын мәлім еткен.
Бөлісу: