Президент
1 мин оқу 295

Ресейге сапармен келуге шақырды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттердің бейресми саммиті аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.</p>

Ресейге сапармен келуге шақырды

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы стра­­­те­гия­лық серіктес­тік­­­­тің түр­лі аспекті­ле­рін талқы­ла­ды. Мем­ле­кет­­тер бас­шылары екі ел ара­­сын­дағы сауда-эко­но­ми­­калық қа­ты­­настар­дың дамуы­на көңілдері толатынын айтты. Сондай-ақ білім беру, цифрланды­ру, энергетика және басқа да салалардағы ықпал­дастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

– Білім беру сала­сын­­дағы келісім – өте ма­ңыз­­ды. МФТИ және Бау­ман атындағы Мәскеу мем­лекеттік техникалық уни­вер­ситеті сияқты Ресей­дің жетекші жоғары оқу орын­­дарының филиал­дарын­да мамандар даяр­лауға ниеттіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Влади­мир Путин Қазақстан Президентін келесі жыл­дың басында Ресейге сапармен келуге шақырды.

Бөлісу:
Ресейге сапармен келуге шақырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар