Аймақтар
1 мин оқу 350
Автокөлік пойызбен соқтығысты
<p style="text-align: justify;">Қостанайдағы теміржол өткелінде автокөлік пойызбен соқтығысқан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.</p>
«Бүгін таңертең Автоцон ауданында ЖКО орын алды – «Нұр-Сұлтан-Орал» бағытындағы пойыз теміржол өткелінде Chevrolet Cruze маркалы автокөлікпен соқтығысты. Көлікті 40 жастағы жүргізуші басқарған. Қазіргі уақытта оқиға орнында кезекші жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», деп түсіндірді департаменттен.
Жүргізуші бағдаршамның қызыл шамын елемей, өткелден өтіп кетуге тырысқаны анықталды. Жүргізуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Бөлісу: