Әлем
1 мин оқу 490
Судандағы апаттан 40 адам көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Судандағы алтын кенішіндегі апат кезінде 40-тан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://english.alarabiya.net/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Al Arabiy</a>a телеарнасына сілтеме жасап.</p>
Ақпаратына сәйкес, апат орнында іздеу жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр. Бұған дейін кен орнында 46 адам болғаны туралы хабарланған.
Айта кетсек, жексенбі күні Батыс Кордофан штатындағы Эн-Нухуд ауданындағы Умм-Дарсая жеке меншік алтын кенішінде апат орын алды. Апат кезінде бірден бірнеше ұңғыма опырылып түскен, жердің астында болған кеншілер жоғарыға шыға алмай қалған.
Бөлісу: