Қоғам
1 мин оқу 340

Биыл елімізде 10 мың шақырым жол жөнделді

<p style="text-align: justify;">ҚР ИИДМ автожол жобаларын іске асыру қорытындысын шығарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Биыл бұл салада ауқымды жұмыс жүргізілді.

Республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың 10 мың шақырымы құрылыс, реконструкция және жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Оның 3,6 мыңы республикалық маңызы бар жолдар: 

- Талдықорған - Өскемен

- Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал – Күрті - Қапшағай

- Ақтөбе – Атырау - Астрахань

- Қалбатау - Майқапшағай

- Үшарал - Достық

- Ұзынағаш - Отар

- Меркі - Бурылбайтал

- Қостанай - Денисовка

Құрылыс маусымына жолдардағы жобаларға 200 мыңдай адам және 12 мыңға тарта жол-құрылыс техникасы жұмылдырылды.

Жыл қорытындысында жолдардың сапасын арттыра отырып, I және II санаттағы 2248 шақырым автожол пайдалануға берілді. Жақын маңдағы 120 елді мекенді қамтыған сенімді көлік қатынасы қамтамасыз етілді. Ірі елді мекендер жанында 6 айналма жолы салынып, көлік және транзиттік тасымалдар көлемі 2,5 есе артты. 

Бұл ретте жол құрылысындағы қазақстандық қамту 90%-дан асты.

Жол бойындағы сервисті дамыту үшін тиісті қызметтерді толық қамтитын 71 кешен іске қосылды. Олар: кемпингтер, мотельдер, жанармай құю стансалары, техникалық қызмет көрсету стансалары, тамақтанатын және сауда орындары және т.б.

Бөлісу:
Биыл елімізде 10 мың шақырым жол жөнделді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар