Қоғам
1 мин оқу 270

Мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді?

<p style="text-align: justify;">Мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды және мереке күндері ХҚО мен автоХҚО-лар 1, 2, 3, 4 және 7 қаңтарда жұмыс істемейтінін хабарлайды. 5 және 6 қаңтарда барлық ХҚО-лар штаттық режимде 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Мемлекеттік корпорация қызметтердің 93%-ы онлайн тәсілмен қолжетімді екенін еске салады.

Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді egov.kz порталы, egov mobile қосымшасы, @kenes1414bot телеграм-боты арқылы ала алады.

«Сондай-ақ азаматтарға 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, бөлімдердің жұмыс кестесін және қажетті құжаттар пакетін алдын ала білуге кеңес береміз», деп ескертеді корпорациядан.

Бөлісу: