Димаш Құдайберген жаһандық музыкалық эстафетаға қатысады
<p style="text-align: justify;">Қазақ әншісі Димаш Құдайберген әлемнің бірнеше елінің әншілерімен бірлесіп музыкалық сый әзірлеп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
«Ортақ болашақ үшін бірге». Бұл енді қысқы олимпиада және паралимпиада ойындарының ресми ұраны ғана емес, сонымен қоса музыкалық эстафета. Желтоқсанның басында әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар алдағы Бейжің Олимпиадасында ән айтуымды сұрады. Соның нәтижесінде түрлі ел мен құрлықтан ондаған адамның даусын біріктірген музыкалық хит пайда болды. 2022 жылы 3 қаңтарда CGTN телеарнасының әлеуметтік желісінің эфирінде «Ортақ болашақ үшін бірге» атты әннің бейнебаяны таныстырылады», деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.