Үкімет
1 мин оқу 253

Елімізде ядролық медицинаны дамытудың Жол картасы әзірленеді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен мемлекеттік, жеке құрылымдар мен саланың жетекші мамандарының қатысуымен ядролық медицинаны дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://primeminister.kz/ru/news/v-kazahstane-razrabotayut-dorozhnuyu-kartu-po-razvitiyu-otechestvennoy-yadernoy-mediciny-3111729" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Primeminister.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>

Вице-Премьер Қазақстандағы ядролық медицина істерінің қазіргі жай-күйі, проблемалары мен перспективалары мәселелерін көтерді.

Кеңес барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният баяндама жасады. Ол диагностиканың заманауи әдісін жүргізуді қажет ететін онкологиялық пациенттердің саны артып келе жатқанын атап өтті. Қазір Қазақстанда 4 позитронды-эмиссиялық томограф (ПЭТ-орталық) жұмыс істейді: Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматыда - 1 және Семейде - 1.

Премьер-Министрдің орынбасары онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспардың «Тиімділігі жоғары ерте диагностика» бағыты аясында алдағы 2 жылда зерттеудің инновациялық әдістері үшін Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында тағы 4 ПЭТ-орталық ашу жоспарланғанын атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов ПЭТ-орталықтар желісін кеңейту арқылы отандық ядролық медицинаны дамытудың Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Бөлісу:
Елімізде ядролық медицинаны дамытудың Жол картасы әзірленеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар