Қоғам
1 мин оқу 394
ІІМ қазақстандықтарға үндеу жолдады
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда мереке қарсаңында полиция жұмысы күшейтіледі. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға Жаңа жылды қалай қауіпсіз өткізуге болатынын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Полицейлер тұрғындар қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қолданылады.
ІІМ кеңесі:
- мереке күндері есіктердің барлық құлпын жабу қажет;
- қонаққа кеткенде, көршілеріңізден үйіңізге қарап қоюды сұраған жөн;
- кіреберістегі есіктер мен құлыптарға қарап жүрген бейтаныс адамдарды көрсеңіз, полицияға хабарласу керек;
- пәтерге бейтаныс адамдарды кіргізбеу керек;
- сатып алған заттарды автомобильдің жүксалғышына салып жатқанда, сөмкелерді салонда қараусыз қалдырмаңыз;
- көлік құралын тұрақта қалдырған кезде есіктер мен терезелер жабық екенін тексеріңіз;
- жарақаттар мен өрт болмауы үшін пиротехникалық заттарды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
Бөлісу: