Қазақстан
1 мин оқу 400

Үш өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер еліміздің үш өңірінде қолайсыз ауа райы болатынын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК-ға сілтеме жасап.</p>

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с күшейеді.

Бөлісу:
Үш өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар