Үндістандағы ғибадатханада 12 адам қаза тапты
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Үндістанның Джамму және Кашмир аймағындағы ғибадатханада болған кептеліс салдарынан кем дегенде 12 адам қаза тапты, тағы 13 адам зардап шекті. Бұл туралы сенбі күні ANI ақпарат агенттігі жазды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Үндістанның қорғаныс министрі Раджнатха Сингха түсіндіргендей, қайғылы оқиға түнде Вайшно-деви үңгір храмында орын алған. Дұға етуге келгендер арасында жанжал шығып, оның салдарынан кептеліс туындаған.
Агенттіктің хабарлауынша, Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың отбасына 200 мың рупий (2,7 мың доллар), зардап шеккендерге 50 мың рупий (670 доллар) көлемінде өтемақы берілетінін айтты.