Вакцина салдырғандар саны нақтыланды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">2022 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырған адамдардың саны анықталды, деп хабарлайды<span class="Apple-converted-space"> <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> </span>Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.</span></p>
Вакцинаның 1 - ші компонентін 8 995 933 адам, ал 2 - ші компонентін 8 525 466 адам салдырды.
Сонымен қатар 2022 жылғы 1 қаңтардағы «Pfizer» вакцинасының І-ші компонентімен егілгендер анықталды.
Жасөспірімдер – 283 585,
Жүкті әйелдер – 20 038,
Бала емізетін әйелдер – 48 860.
ІІ-ші компонентімен:
Жасөспірімдер – 118 028,
Жүкті әйелдер – 7 811,
Бала емізетін әйелдер – 20 039.