Теннис
1 мин оқу 180

Елена Рыбакинаның Аделаидадағы қарсыласы анықталды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстанның бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Елена Рыбакинаның Аделаида WTA 500 турниріндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Аустралия ашық чемпионаты қарсаңындағы бұл турнир 3-9 қаңтар аралығында өтеді.

Е.Рыбакина алғашқы айналымда жарысқа арнайы шақырту алған, ол дүниежүзілік рейтингте 132-сатыда тұрған аустралиялық Сторм Сандерспен кездеседі.

Бірінші кезеңде сондай-ақ өткен жылғы Индиан-Уэллс турнирінің финалистері, испаниялық Паула Бадоса мен Беларусь өкілі Виктория Азаренко шеберлік байқасады. Әлемнің бірінші және екінші ракеткалары, аустралиялық Эшли Барти мен белоруссиялық Арина Соболенко турнирді екінші айналымнан бастайды.

Бөлісу:
Елена Рыбакинаның Аделаидадағы қарсыласы анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар