Қазақстанда мүгедек адамдарға арналған қанша медициналық орталық бар?
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов ҚР Үкіметінің арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында қабылдап жатқан шаралары туралы айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
«Халықты әлеуметтік қорғау саласында бірінші және екінші топтағы, 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедек адамдарға, психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға стационар, жартылай стационар және үйде күтім көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі ұсынылады. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық және құқықтық қызметтерді қамтиды», деп жазды Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.
Бүгінде елімізде стационарлық үлгідегі 113 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді, онда 23 мыңнан астам адам, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар қызмет алады.
Сондай-ақ, 9 мыңнан астам адамды қамти отырып, 115 күндізгі стационар бөлімшесі, 54 мыңнан астам адамды қамтитын 482 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі, 8 мыңнан астам адамға арналған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 164 ҮЕҰ, МЖӘ шеңберінде 1,4 мың адамға қызмет көрсететін 7 жеке ұйым жұмыс істейді.
«Аталған мекемелердің жұмысы мүгедек адамдарды оңалтуға және әлеуметтендіруге бағытталған. Халықты жұмыспен қамту бойынша іс-шаралар аясында мүгедектігі бар адамдарға ерекше көңіл бөлінеді», деп түйіндеді Премьер-Министрдің орынбасары.