Қазақстан
1 мин оқу 680

Бүгін ауа райы қандай болады?

<hr /> <p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Синоптиктер 2 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Суық антициклон бұрынғысынша елдің шығыс және солтүстік өңірлерінің ауа райын анықтайтын болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі, Алакөл көлдері ауданында жел 18-23, екпіні 29 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында 18 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерінде тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында боран, Маңғыстау облысының солтүстігінде-көктайғақ, Қызылорда облысының орталығында, түнде және таңертең оңтүстікте, батыста, Түркістан облысының таулы, тау бөктерінде тұман күтіледі.

Бөлісу:
Бүгін ауа райы қандай болады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар