46 жастағы көлік жүргізушісі қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">«Тоуота Аlphard» автокөлігінің жүргізушісі қарама-қарсы жолға шығып, Ақтөбе облысының аумағындағы тас жолда қар тазалайтын жүк көлігімен соғысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«3 қаңтар күні Алға ауданына қарасты Қайыңдысай ауылының жанындағы Самара-Шымкент автожолында «Тоуота Аlphard» автокөлігінің жүргізушісі Хобда ауылы маңынан Ақтөбе бағытына қарай келе жатып, қарсы жолға шығып, қар тазалайтын «КамАЗ» көлігімен соғысты», делінген полиция өкілдері таратқан ақпаратта.
Жол-көлі оқиғасы салдарынан «Тоуота Аlphard» автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Одан бөлек 5 жолаушы, оның ішінде екі бала Ақтөбенің медициналық мекемелеріне жатқызылды.