Әлем
1 мин оқу 320
Ботсвана президенті коронавирус жұқтырып алды
<p style="text-align: justify;">Ботсвана Президенті Мокветси Масиси коронавирус жұқтырып алды. Ол өз-өзін уақытша оқшаулап ұстамақ. Енді оның міндетін вице-президент уақытша атқарады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Президент әкімшілігі Ботсвана Республикасының президенті доктор Мокветси Эрик Кибетсве Масиси өзінің резиденциясында міндетті түрде оқшауланғанын хабарлағысы келеді. Бұл қажеттілік COVID-19 тестінің оң нәтижесінен туындады», делінген Үкіметтің парақшасында жарияланған құжатта.
Мәлімдемеге сәйкес, 59 жастағы президенттен дерттің ешқандай белгілері байқалмаған. Бірақ ол дәрігерлердің бақылауында болуды жөн деп тапқан.
Бөлісу: