Хоккей
1 мин оқу 104

Мың жанкүйерге – бір шайба

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсетіп жатқан Нұр-Сұлтанның &laquo;Барысы&raquo; 2022 жылдағы алғашқы ойынын өз мұз айдынында Риганың &laquo;Динамосымен&raquo; өткізді.</p>

Мың жанкүйерге – бір шайба

Жерлестеріміз жылдың бірінші матчында қарсылас қақпасына жеті шайба соғып, «Барыс Аренаға» жиналған жеті мыңға жуық жанкүйерді шаттыққа бөледі. Бұл – елорда клубының осы маусымда жеті гол соқ­қан екінші матчы болды. Бұған дейін жер­лестеріміз Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» ұжымын 7:4 есебімен қапы қалдырған еді.

Голдар шоуына айналған ойынның есебін Роман Старченко ашты. Бірінші ке­зеңнің аяқталуына үш минут қалғанда Старченко қақпашымен бетпе-бет шығып, мергендік танытты. Ал екінші кезеңде Ан­тон Сагадеев дәлдік танытса, кезең аяқ­талар тұста Старченко дубльдің авторы атанды. Ал үшінші 20 минутта «Барыс» ойын­шылары «Динамоның» қақпасына жауапсыз төрт гол соқты. Бұл кезеңде Якоб Берглунд пен Роман Савченко бір-бір шайба салса, Никита Михайлис дубль жасады. Ал қонақтардан жұбаныш голын Мартинш Карсумс соқты. Қорытынды есеп – 7:1.

Юрий Михайлис шәкірттері келесі матчын бүгін өз айдынында Магнитогорскінің «Металлургымен» өткізеді. Қазіргі таңда «Барыс» «Шығыс» конференциясының турнир кестесінде 44 ұпаймен 8-орында келеді.

Бөлісу:
Мың жанкүйерге – бір шайба · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар