Үздік бестікке енді
<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: .2pt;">Әуесқой бокспен қатар кәсіпқой бокс­та да жұдырықтасып жүрген отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) рейтингіндегі көр­сеткішін айтарлықтай жақ­сарт­ты.</span></p>

Бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold тұжырымы бойынша чемпиондық белдікті жеңіп алған Қоңқабаев осы ұйымның рейтингінде тоғызыншы орыннан төртінші орынға дейін көтерілді. Әзірше бұл салмақтың көшін кубалық Юниэль Дортикос (25-2, 23 КО), ресейлік Алексей Егоров (11-0, 7 КО) және Швеция өкілі Баду Джек (25-3-3, 15 КО) бастап тұр.
Айта кетейік, Қ.Қоңқабаев 2021 жылдың желтоқсанында Алматыдағы бокс кешінде британиялық Стивен Уордты (13-2, 4 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, WBA Gold титулын жеңіп алған еді.