Аймақтар
1 мин оқу 270

Жоғалған жасөспірім табылды

<p style="text-align: justify;">Қостанай ауданына қарасты Жуков елді мекенінде тұратын 14 жастағы Кирилл Дукарт боранды күні жылқы іздеуге шығып кетіп қайта оралмаған.&nbsp; Ауылдан жаяу шыққан жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы тосын хабар үшінші қаңтарда түстен кейін белгілі болды.</p>

Жоғалған жасөспірім табылды

Төтенше жағдай де­пар­таменті мен поли­ция қызметкерлері Алек­сандров ауылдық окру­гінің маңайында жедел іздестіру-құтқару шараларын бастап, артынша оған еріктілер жасағы  қо­сылды.

Қостанай ауданы әкім­­дігінің мәліметінше, жоғалған жасөспірімді іздестіруге төтенше жағ­дай қызметінің бір­неше ар­найы техникасы, із ке­суші ит ерткен төрт ки­но­лог маман, қар ша­наға мінген еріктілер – бар­лығы 110 адам, 26 техника қатыс­қан.  

Іздеу шаралары тоғыз сағатқа созылды. Абырой бол­­ғанда, жасөспірім қар­­­лы бо­ранда жаяулатып оты­рып ауылдан 50 шақы­рым қа­шықта жатқан Шеминов елді ме­кенінің үстінен түскен.  

– Боран күшейіп кет­кен­діктен қайтар жолды таба алмай қалдым, адасып жүріп 23:30-да Шеминов ауылына кір­дім. Бірінші тұрған үйге кіріп, сол үйде жылынып, жан шақырдым, – деді К.Дукарт. 

Жасөспірім осы үй­ден ана­сына қоңырау шалып, аман-есен екенін ха­барлаған. Одан кейін кел­ген еріктілер жа­сағы Ки­рилді үйіне дейін жет­кізіп, ата-анасының қо­лына табыс еткен. Сол күні ке­зек­­шілік еткен медицина қыз­­­меткерлерінің сөзінше, жас­­өспірімнің қол-аяғын үсік шалмаған.  

 

Қостанай облысы

Бөлісу:
Жоғалған жасөспірім табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар