Қоғам
1 мин оқу 390

Алматыдағы тәртіпсіздік: ІІМ 2 мыңға жуық адам ұсталғанын айтты

<p style="text-align: justify;">Алматыда көшелерді тазалау кезінде полицияға 2 мыңға жуық адам жеткізілген. Бұл туралы ІІМ-нің &nbsp;баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады<span class="s1">&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Алматы қалалық ІІД қызметкерлері Қарасай батыр – Масанчи көшелерін тазалау үшін алға жылжығаны хабарланды.
 
– Тәртіп бұзушыларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Барлығы екі мыңға жуық адам полицияға жеткізілді, - делінген хабарламада.

6 қаңтардағы жағдай бойынша Қостанай облысында жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіп түнде қалпына келтірілді.

– Бір топ адамның заңсыз әрекеті салдарынан бір полиция қызметкері зардап шекті. Оқиға орнын тексеру барысында жанғыш қоспасы бар бөтелке тәркіленді, сонымен қатар бір азаматтан травматикалық тапанша алынды, - делінген баспасөз хабарламасында.

Қызылордада тәртіпсіздіктен кейін қала ғимараттарының терезелері мен есіктері сынған.

– Ішкі істер органдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті тиісінше қорғап және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, – деп толықтырды ІІМ.

Бөлісу:
Алматыдағы тәртіпсіздік: ІІМ 2 мыңға жуық адам ұсталғанын айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар