Оқиға
1 мин оқу 440

Қылмыс әлемінің серкесі «Дикий Арман» ұсталды

<p style="text-align: justify;">ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері қылмыс әлемінің серкесі, &laquo;Дикий Арман&raquo; деген лақап атпен танымал Арман Жұмакелдиевтің қалай ұсталғаны туралы мәліметтерді жариялады.</p>

«Алматыда полицияның арнайы жасағы жүргізген операция барысында «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмакелдиев бастаған қылмыстық топтың 6 өкілі ұсталды», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР ІІМ-нің дерегінше, қылмыскерлер оларды ұстау кезінде қарсылық көрсетуге тырысқан.

«Алайда, полицияның табанды әрекеттерінің нәтижесінде қылмыскерлер ойлаған мақсатына жете алмады. Ұстау барысында күдіктілерден маркалары мен калибрі әртүрлі 4 жартылай автоматты тапанша және олардың оқ-дәрілері, суық қару мен брондалған автомобиль алынды», деп нақтылады министрлік өкілдері.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде Алматы, Ақтөбе қалалары мен Алматы облысындағы жағдай қалпына келтірілгенін атап өткен еді.

Бөлісу:
Қылмыс әлемінің серкесі «Дикий Арман» ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар