Қазақстан
1 мин оқу 372

Министр интернет шектеулеріне байланысты пікір білдірді

<p style="text-align: justify;">Контртеррорлық іс-шаралармен қатар интернет те шектелгені мәлім. Себебі террористік топтар іс-әрекеттерін жоспарлап, үйлестіру үшін байланыс құралдарын пайдалануда. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Негізгі салаларды цифрландыру салдарынан көптеген адамдар қолма-қол ақшасыз қалды. Сондықтан біз Ұлттық банкпен, сондай-ақ басқа да банк және ұйымдармен бірге Интернеттің жоқтығына қарамастан, кейбір ресурстарды тәулік бойы қолжетімді ету механизмін жасадық.

Қазірге сәтте:

   1. Халық Хоумбанк пен Каспидің төлем сервистерін қолдануға болады. Басқа да банктерді қосу жұмысы атқарылып жатыр. Яғни интернет болмаса да, бұл қосымшалар қолжетімді болады.

  1. Бірқатар ақпараттық ресурстар жұмыс істеп тұр: egemen.kz, tengrinews.kz, inform.kz, baq.kz, 24.kz, stopfake.kz, qazaqstan.kz және т.б.
  2. akorda.kz сайты офлайн тәртіпте қолжетімді», деп жазды министр.

Бүгін басқа да аса қажетті сервистерді іске қосу мәселесі шешіледі. Жұмыстар біртіндеп жүзеге асуда, әр ресурсты жеке-жеке қарастырып, арам пиғылдылардың пайдаланбауын қадағалап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет.

Президенттің бірнеше тапсырмасы орындалды.
Бірінші: интернет өшірілгендіктен, адамдар дыбыс және смс трафигін пайдаланғандықтан, барлық абоненттерге тегін 200 смс пен 300 минут берілді.

Екінші: зардап шеккендер мен із-түссіз жоғалғандарды іздеу бойынша 1414 колл-орталығы негізінде тікелей желі ұйымдастырылды.

Үшінші: байланыс операторларымен тығыз жұмыс істеудің арқасында азаматтарға SMS арқылы хабарландырулар мен жаңалықтар жолдануда.

Бөлісу:
Министр интернет шектеулеріне байланысты пікір білдірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар