Елбасы
1 мин оқу 410

Елбасы елордада және Президентпен тікелей байланыста – Айдос Үкібай

<p style="text-align: justify;">Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті &ndash; Елбасының кеңесшісі - Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде жазды.</p>

«Елбасы Қазақстан астанасында, Нұр-Сұлтан қаласында. Қасақана жалған және екіұшты ақпарат таратпауды сұраймыз. Елбасы бірнеше консультативті кездесулер өткізіп жатыр және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыста», деп жазды Айдос Үкібай Твиттер парақшасында.

Сонымен бірге Н. Назарбаев Қазақстанмен дос мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлескен.

«Елбасы қазіргі сын-қатерлерді еңсеріп, еліміздің тұтастығын қамтамасыз ету үшін барлығын Қазақстан Президенті маңында жұмылуға шақырады», дейді А. Үкібай.

Бөлісу:
Елбасы елордада және Президентпен тікелей байланыста – Айдос Үкібай · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар