Экономика
1 мин оқу 173

Бизнеске 92 миллиардтан астам шығын келтірілген

<p style="text-align: justify;">Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздік кезінде еліміздегі бизнеске келтірілген шығын 92,3 млрд теңгеден асқаны мәлім болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Атамекен&raquo; ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Бизнеске 92 миллиардтан астам шығын келтірілген

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге зер салсақ: «9 қаңтар, сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, сall-орталыққа 2320 қоңырау келіп түсті. Оның ішінде: тонау мәселелері бойынша – 1127, форс-мажор бойынша – 26, блок-бекеттер бойынша – 2, жеке тұлғалардың қоңыраулары бойынша – 1052 өтініш берілді. Еліміздің 10 өңірінде 1351 объектіде орналасқан 1181 бизнес нысаны зардап шеккен. Оның ішінде Алматыда – 1091 объектіде орналасқан 935 субъект бар», делінген.

Кәсіпкерлер палатасының ақпаратына көз жүгіртсек: сауда саласында – 1122; қоғамдық тамақтандыру саласында – 17; қаржы секторында – 31, логистика саласында – 8 нысан зардап шеккен.

 «Келтірілген шығынның жалпы сомасы 92,3 млрд теңгеден асты. Алматыдағы шығын 90,7 млрд теңге көлемінде», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Бизнеске 92 миллиардтан астам шығын келтірілген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар