Аймақтар
1 мин оқу 490

Қарағандыда төтенше жағдай режимін бұзудың 86 дерегі анықталды

<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысының тәртіп сақшылары өңірде төтенше жағдай режимін бұзудың 86 дерегін анықталғаны туралы мәлімет таратты. Нәтижесінде 128 адам ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қарағандыда төтенше жағдай режимін бұзудың 86 дерегі анықталды

ҚР Президентінің «төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығы негізінде Қарағанды облысында комендатураның жедел штабы құрылған. Облыстағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан мен ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Облыстың елді мекендерінің шығу және кіру жолдарында блок бекеттер ұйымдастырылған.

Соған қарамастан, ТЖ режимін жариялау кезеңінде полиция бөлімдеріне 128 адам жеткізілді, ҚР ӘҚБтК 476-бабы бойынша 86 бұзушылық анықталған.

Бөлісу:
Қарағандыда төтенше жағдай режимін бұзудың 86 дерегі анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар