Президент
1 мин оқу 390

Елдегі конституциялық тәртіп қалпына келтірілді - Президент

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс сессиясында Қазақстанда конституциялық тәртіп қалпына келтірілгенін айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Қазіргі уақытта Қазақстанда конституциялық тәртіп қалпына келтірілді. Елдегі қауіп-қатерге тосқауыл қойылды. Терроризмге қарсы операция аясында қылмыстарға қатысқан адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев сессия барысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде полиция органдарына 8 мыңға жуық адам жеткізілді.

«Құқық қорғау, арнайы органдар олардың терроризм актілеріне, кісі өлтіруге, тонауға және басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. 116 қару тәркіленді», деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Елдегі конституциялық тәртіп қалпына келтірілді - Президент · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар