Президент
1 мин оқу 440
Бүгін Президент Мәжіліс отырысына қатысады
<p style="text-align: justify;">Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.
«Бүгін сағат 11.15-те Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды», делінген хабарламада.
Жиынды «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Бөлісу: