Оқиға
1 мин оқу 220
Елордада киім дүкенінен өрт шықты
<p style="text-align: justify;">Елордада Cotton киім-кешек дүкенінен өрт шықты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін сағат 08:54-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметіне Мәңгілік ел 19/1 даңғылындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті.
«Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде «Cotton» дүкенінде өрт шыққаны анықталды. Өрт орнында жеке құрамнан 22 адам және 4 техника жұмыс істеді», деді қалалық ТЖД.
Өрт 09.22-де ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Бөлісу: