Терроризмге қарсы операцияның ағымдағы нәтижелері айтылды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері терроризмге қарсы операцияның басталуымен дербес, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлескен топтардың құрамында қоғамға қарсы акцияларға қатысу күдігі бойынша 366 адамды ұстады, олардың 6-ы қарсылық көрсету кезінде жарақат алды, деп хабарлайды<span class="Apple-converted-space"> <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> </span>ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span></p>
Операция кезінде: 30 бірлік қару, атап айтқанда 22 тегіс ұңғылы, 3 карабин, 5 тапанша, 245 бірлік оқ-дәрі, 2 бірлік суық қару, сегіз радиостанция, 4 оқ-дәрі алынды.
Ұсталғандардан 200-ден астам ұялы телефон, сандық техника, халық тұтынатын тауарлар (15 қорап парфюмерия, 267 бөтелке спирттік ішімдіктер) және қомақты қаржы сомасы тәркіленді.
Сондай-ақ, ұсталғандар жүріп өткен 29 автокөлік, митингтерді заңсыз ұйымдастыру тәртібі бойынша діни әдебиеттер мен құралдар тәркіленді.
Шекара қызметінің бөлімшелері тұрақты жауынгерлік әзірлікте болады, шекараны күзету күшейтілген режимде жүзеге асырылады.