Президент мұғалімдерге арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды
<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерге арналған арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Сөзсіз басымдық - сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бұл бүкіл қоғам дамуының ең маңызды факторы. Мектептерді материалдық ресурстармен қалай қамтамасыз етсек те, жақсы мұғалімдерсіз білім сапасын арттыру мүмкін емес. Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Мұғалім – мектептің жүрегі». Сондықтан мұғалімдер жетіспейтін өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары кешені мен үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырамын», деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.
Сондай-ақ Президент жоғары білімнің қолжетімділігі мен университеттердің бәсекеге қабілеттілігі мәселесін шешуді тапсырды.