Аймақтар
1 мин оқу 212

Аңшылық дүкенін тонағандар қолға түсті

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысының полицейлері Алматы қаласындағы аңшылық дүкенін тонағандарды қолға түсірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. <a href="/admin/news/Polisia.kz">Polisia.kz</a> сайтына сілтеме жасап.</p>

Аңшылық дүкенін тонағандар қолға түсті

Қордай ауданы аумағындағы «Алматы-Ташкент» күре жолы бойында полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген «Subaru Forester» көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлік ішінен 12-ші калибрлі қарудың 10 данасы, 1 пневматикалық тапанша және аңшылыққа арналған құралдар шыққан.

Автокөліктің 24 жастағы жүргізушісі мен 27 жастағы жолаушысы Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде аңшылық дүкенін тонағаны белгілі болды. Бүгінде ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабының 3-бөлімімен сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Аңшылық дүкенін тонағандар қолға түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар