Аймақтар
1 мин оқу 275

Тағы бір қарулы топ Түркістанда ұсталды

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздікке қатысқан қаруы бар қылмыстық топ Түркістан облысында құрықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тағы бір қарулы топ Түркістанда ұсталды

Алматыдағы жағдайды ұялы телефондарына түсірген 3 жас жігіт Түркістан облысындағы блок бекеттерден өтетін кезде қолға түсті. Мәселенің мән-жайын Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсіндірді.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімі қызметкерлері Алматы-Термез-Ташкент тас жолындағы Ақтас блок бекетінде «Тойота» маркалы автокөлікте болған Сарыағаш және Келес аудандарының 3 тұрғынын ұстаған. Тексеру кезінде жедел уәкілдер көліктен тапанша тапқан.

Аталған факті қылмыстық кодекстің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелген. Күдіктілердің барлығы қамалған. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Тағы бір қарулы топ Түркістанда ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар