Экономика
1 мин оқу 790

2023 жылдан бастап салықтың жекелеген түрлерін жергілікті деңгейге беру жоспарлануда

<p style="text-align: justify;">2023 жылдан бастап салықтың жекелеген түрлерін жергілікті деңгейге беру жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2023 жылдан бастап салықтың жекелеген түрлерін жергілікті деңгейге беру жоспарлануда

«Бюджетаралық қатынастарды одан әрі реформалау бойынша министрлік келесі ұсыныстарды пысықтауда. Бірінші, ШОБ-тан корпоративтік табыс салығы түсімдерін беру тетігіне ұқсас, 2023 жылдан бастап салықтың жекелеген түрлерін жергілікті деңгейге беру жоспарланып отыр. Екінші, орталық пен өңір арасындағы қарама-қарсы қаржы ағындарын азайту ұсынылады», деді министр.

Оның атап өтуінше, ұсынылған іс-шараларды жүзеге асыру үшін бюджет заңнамасына түзетулер пакеті дайындалатын болады.

«Қазіргі уақытта аталған тәсілдер орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ ұйымдармен пысықталуда. Мемлекет басшысының басқа тапсырмалары бойынша ұсыныстар мұқият пысықталып, жақын уақытта қосымша ұсынылады», деді Әлібек Қуантыров.

Бөлісу:
2023 жылдан бастап салықтың жекелеген түрлерін жергілікті деңгейге беру жоспарлануда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар