Аймақтар
2 мин оқу 160

Жағдай қалыпты арнаға түсті

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен облыстың ТЖ бойынша коменданты, ПД бастығы Марат Төлебаев журналистермен брифинг өткізді. Олар алдымен қайтыс болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.</p>

Жағдай қалыпты арнаға түсті

Облыстағы жалпы ахуал тұ­рақты. Осы күндері өңірде бірде-бір адам зардап шеккен жоқ. Адам­­дардың жеке бостандығы мен мүлкіне қол сұғушылық та бол­ған емес. Тұрғындар тәртіп ен­гізу шараларына түсіністікпен қарап, қолдау білдіруде. Петропавл қала­сына кіретін күре жолдарға бес блок-бекет қойылған, ал жалпы об­лыс бойынша бұдан басқа 20 өт­кізу бекеті орнатылған. Осы күнге дейін блок-бекеттерде 17 мың бір­лік көлік тексерілді. Оның арасын­да Қазақстан аумағына өтуге сенімд­і негізі болмаған 451 көлік қайта­рылды.

Мемлекеттік органдар мен ма­ңызды нысандар штаттық режім­де жұмыс істеуде. Азық-түлік тап­шылығы жоқ, баға бір­шама тұрақты. Қ.Ақсақалов Сол­түстік Қазақстанда газ бағасы елдегі ең қымбат деген пікірді жоққа шығарды. «Біздегі газ бағасы Ақ­мола, Алматы, Қостанай, Қара­ғанды және Павлодар облыстарымен бірдей», деді ол.

Интернет облыста белгілі бір уа­қытқа ғана беріліп тұр. Әкім­­нің айтуына қарағанда, бұл бір­тіндеп ұзартылатын көрінеді. «Об­­лыста банкоматтарға ақша са­лу жұмыстары жүргізілуде, не­­гізгі банкоматтарда ақша бар. Қа­ла­дағы бірқатар супермаркетте арнайы желі арқылы ақшасыз тө­­­лемдер қабылданады. «Халық банк­тің» облыстағы бөлімшелері өз жұмысын бастады. Банктерге арнайы күзет қойылды», деді әкім.

Еліміздің барлық өңірі сияқты Солтүстік Қазақстанда да терроризмге қарсы сақтық операция­ла­ры жүргізілуде. Жалға бері­ле­тін барлық тұрғын үйлер тек­се­ріліп, олардың тұрғындары анық­­талуда. Әкім өзінің сөзінде ты­ныш­тықты сақтауға барлық тұрғынның қа­тысуын сұрады. «Ма­ңай­ла­ры­ңыз­да күдікті адамдар бай­қалса, дереу +7 778 363 3780 теле­фонына хабар­ласыңыздар», деді ол.

ТЖ енгізілгеннен бері полиция органдарына барлығы 255 адам жеткізілген болса, олардың 72-і – төтенше жағдай тәртіптерін бұзғандар. Солардың ішінде 34 жеке тұлғаға соттың шешімімен әкімшілік жауапкершілік жүк­тел­ді. Ал спирттік сусындар сатқан 4 заңды тұлғаға айыппұл салынды.

Қазір облыстық БАҚ арқылы коменданттық сағаттың тәртіптері мен маңыздылығы айтылып, комендант халықты құлақтандырып тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Жағдай қалыпты арнаға түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар