Үкімет басшысы «LRT» жобасын пайдалану тәсілдерін әзірлеуді тапсырды
<p style="text-align: justify;">ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «LRT» жобасын пайдалану тәсілдерін әзірлеуді елорда әкімдігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Үкімет басшысының айтуынша, бұдан былай «Ауыл – ел бесігі», «Бизнестің жол картасы» сияқты салалық бағдарламалар Батыс және Оңтүстік өңірлерде белсенді іске асырылмақ.
«Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен Батыс және Оңтүстік өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, «Ауыл – ел бесігі», «Бизнестің жол картасы» және басқа да салалық бағдарламалар аясында жекелеген бағыттарды әзірлеуі қажет.
Сондай-ақ елорда әкімдігі Индустрия министрлігімен бірлесіп, «ЛРТ» жобасын пайдалану тәсілдері бойынша нақты ұсыныстар енгізсін», деді Әлихан Смайылов.