Алматыда дүкен тонаған тағы бес адам ұсталды
<p style="text-align: justify;">Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде дүкен тонаған бес адам ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, қала орталығында күндізгі уақытта 21-27 жас аралығындағы бес адам ұсталды. Олардың екеуі - қыздар.
Күдіктілердің есірткі тығып жатқаны белгілі болды. Ұсталғандардың жалдамалы пәтерінен бөлшек сауда үшін оралған синтетикалық есірткі заты, сондай-ақ күдіктілерден тонау кезінде қылмыстық жолмен алған цифрлық құрал-жабдықтар табылды және тәркіленді.
Барлығы 70-тен астам ұнтақты заты бар магниттік бумалар, компьютердің екі процессоры мен мониторы, ноутбуктер, теледидарлар, проекторлар, пернетақталар, виртуалды ойындарға арналған жабдықтар. Сондай-ақ әскерилендірілген оқ-дәрілер табылды және қылмыстық іс-материалдарына қосылды.
Күдіктілер қамауға алынып, олардың кім екені және заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілуде.