Әлихан Смайылов күш құрылымдарының қызметкерлеріне алғыс айтты
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет атынан күш құрылымдарының қызметкерлеріне елдегі қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру жөніндегі іс-әрекеттері үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР Премьер-Министрінің сайтына сілтеме жасап.</span></p>
«Еліміз үшін қиын уақытта ІІМ қызметкерлері, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі, ТЖМ және басқа да құқық қорғау органдарының әскери қызметшілері, сондай-ақ мерзімді әскери қызметшілер мен курсанттар елдегі қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру бойынша қызмет атқарады. Оларға үлкен жұмыс үшін алғыс білдіреміз», деді Әлихан Смайылов Президенттің тапсырмаларын орындау жөніндегі кеңесте.