Жаңалықтар
1 мин оқу 240

Тараз мектебінде есірткі сатқан ұстаз қолға түсті

13-02-narkotukЖамбыл облысының Тараз қаласы мектебінде есірткі сатқан ұстаз қолға түсті. Бұл туралы «24 kz» хабарлады. Білім ошағында 9 жылдан бері қызмет істеген 44 жастағы азаматша өз кінәсін мойындады. Оның үйінен есірткі салынған 34 қалта табылған екен. Сондай-ақ, ол есірткінің 1 килосын 100 мың теңгеге бағалаған. Ал 10 сынып оқушысы өз ұстазынан тұрақты есірткі сатып алғанын жоққа шығармады. Қазір айыпкер ұстаз қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. «Банк карточкасына ақша аударылғаннан кейін есірткі  иелеріне үлестірілген. Сосын ол ақшаны қылмыстық топ басшысы алып отырған. Осы әрекетке қатысы бар  ұстаз кінәсін мойындады», - дейді облыстық ішкі істер департаменті есірткіге қарсы күрес басқармасының басшысы Шопырхан Жапабаев. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: «24 kz». Фото: Ria.ru.  
Бөлісу:
Тараз мектебінде есірткі сатқан ұстаз қолға түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар