Елорда
1 мин оқу 220

Нұр-Сұлтан коменданты қала тұрғындарына үндеу жолдады

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының коменданты Ержан Сәденов қала тұрғындарын төтенше жағдай режимі аясында қабылданған шараларды бұзбауға шақырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Коменданттың айтуынша, елордада жағдай тұрақты. Бір тәулік ішінде қалада 8 қылмыс жасалды, 83 жол-көлік оқиғасы тіркелді, нәтижесінде екі адам зардап шекті.

Сондай-ақ, 464 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 183-і тиісті ережелерді бұзу, 36-сы қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішу және 18-і халықтың көші-қоны саласында бұзушылық фактілері.

Естеріңізге сала кетейік, қала периметрі бойынша тәулік бойы 6 блокпост жұмыс істейді.

Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері 200-ден астам адам ұсталды. Оның ішінде 28 адам әкімшілік қамауға алынды.

Төтенше жағдай кезінде жалған хабарламалар пайда болды, олар тоқтатылды. Тұрғындардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.

Жалған ақпарат таратудың 3 фактісі анықталды. Барлық факті бойынша қылмыстық істер қозғалды.

«Жалған ақпарат таратуға жол берілмейтіні туралы ескертемін. ТЖ жағдайында ҚР ҚК 274-бабына сәйкес жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Тағы да еске саламын, төтенше жағдай кезінде құқыққа қарсы іс-әрекет жасау жағдайды ауырлататын мән-жай болып саналады және неғұрлым қатаң жауапкершілікке әкеп соғады.

Құрметті тұрғындар, коменданттық сағатты бұзбаңыздар, заңға бағыныңыз және тыныштықты сақтаңыз», делінген елорда комендантының үндеуінде.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтан коменданты қала тұрғындарына үндеу жолдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар