Қоғам
1 мин оқу 270
Алматы облысында облысаралық автобус қатынасы жанданды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Алматы облысында облысаралық автобус қатынасы қайта жанданды. Ал облысішілік ауданаралық бағыттар кеше 11 қаңтарда жұмысын бастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша, автобус рейстері бекітілген кестеге сәйкес сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүзеге асырылады. Төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін түнгі рейстер уақытша тоқтатылды.
Айта кетсек, бүгіннен бастап Алматы қаласының маңында қала маңына қатынайтын бағдарлар іске қосылды.
Бөлісу: