Аймақтар
1 мин оқу 252

ТЖ режимін бұзған 51 қарағандылық ұсталды

<p style="text-align: justify;">Аймақ коменданты Ерлан Файзуллин атап өткендей, өткен тәулікте тәртіп сақшылары 13 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ТЖ режимін бұзған азаматтарға қатысты барлығы 586 әкімшілік хаттама толтырылды. 51 адам әкімшілік қамауға алынса, 14 бұзушыға айыппұл салынды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері қала тұрғындарынан тыйым салынған 36 затты тәркіледі.

Мәселен, Балқаш блокпостынан 53 жастағы қала тұрғыны басқарған Land Cruiser автокөлігінен тегіс ұңғылы қаруға арналған 6 патрон табылды. Көлік иесіне қатысты азаматтық қаруға арналған патрондарды тасымалдау тәртібін бұзғаны үшін хаттама жасалды.

Сондай-ақ ТЖ кезінде полиция қызметкерлері 16 бірлік тегіс ұңғылы қаруды, 6 пышақты тәркілеп, есірткі заттарын сақтаудың 8 фактісін анықтады.

Бөлісу:
ТЖ режимін бұзған 51 қарағандылық ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар